Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
528-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына жеткiзбеу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатынсыз кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын беру –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органдары немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының мемлекеттік кіріс органына тапсыру үшін қабылданған кедендiк немесе өзге де құжаттарын жеткiзбеу –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы белгiлеген мерзімін сақтамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-528/