Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

529-бап. Көлік құралын тоқтатпау

Об административных правонарушениях · № 235

Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен болған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жүретін көлік құралын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар ретінде өткізілетін көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында, мемлекеттік кірістер органдарының көлік құралын тоқтату жөніндегі талап ету орындарында тоқтатпау – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-529/