Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

531-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазарту тәртiбiн бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазарту тәртiбiн бұзу, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөнiндегі талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.