Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

532-бап. Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен жүргізілетін құқыққа сыйымсыз операциялар, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.