Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

534-бап. Сәйкестендіру құралдарын жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Мемлекеттік кіріс органдары, оның ішінде шет мемлекеттердің мемлекеттік кіріс органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру немесе мұндай сәйкестендіру құралдарын зақымдау не жоғалту – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.