Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

533-бап. Кедендік бақылауда тұрған тауарлармен жүк операцияларын және өзге де операцияларды мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жүргізу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз не оны хабардар етпей, кедендік бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, қаптамаларының бүлінген жерін жөндеу, қаптау, қайта қаптау немесе тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетілген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашу не кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдың көлік құралын ауыстыру – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.