Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

555-бап. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік алымдарды, пайыздарды төлеу мерзімдерін бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

Төлеушілердің және (немесе) төлеушімен бірге ынтымақты міндет жүктелетін тұлғалардың кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті белгіленген мерзімдерде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, кедендік алымдарды, пайыздарды белгіленген мерзімдерде төлемеу – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-555/