Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

556-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабын белгіленген мерзімдерде орындамау

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің мемлекеттік кіріс органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабын белгіленген мерзімдерде орындамауы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.