Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

557-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының шешiмдерiн орындамауы

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өндiрiп алу туралы немесе төлеушiнiң банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмдерiн банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен орындамауы – заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.