Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

565-1-бап. Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Авиациялық медициналық сарапшының ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін, азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды сақтамауы – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамның өзіне белгілі және ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін ауруының болуы туралы ақпаратты медициналық куәландырудан өту кезінде жасыруы – бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-565-1/