Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

565-2-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің түзету іс-қимылдары жоспарын орындамауы не тиісінше орындамауы немесе хабарлама ұсынбауы

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты иесінің түзету іс-қимылдары жоспарын белгіленген мерзімдерде орындамауы не тиісінше орындамауы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістер туралы хабарламаны ұсынбауы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.