Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

580-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде құтқару және авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе оларды куәландыру мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен траптарды жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.