581-бап. Кеменi жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу
Қолданыста
12.07.2026 редакциясы
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жай-күйі қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын көлемді кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдығын басқаруға жiберу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе ақаулары болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын көлемді кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын көлемді кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-581/