Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

583-бап. Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқа) кеме жүргiзушiлерінiң қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ порттық және гидротехникалық құрылысжайлар мен жабдықты бүлдіру – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң және өзге де жүзетін объектілердің белгiленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгiлердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтату немесе тоқтата тұру, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң шағын көлемді кемелерді пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзуы – бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-583/