Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

584-бап. Кемелердi, оның ішінде шағын көлемді кемелерді iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

2. Навигациялық жабдықтың, байланыс пен сигнал берудiң жүзетін және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа да гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық жабдықты күтiп-ұстау, пайдалану қағидаларын және оның белгiленген жұмыс режимiн бұзу, навигациялық белгiлер мен сигналдарды айырып-тануға кедергi келтiретiн белгiлерді, құрылыстарды, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздерді тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) орнату – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау – бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.