Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

592-бап. Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Көлік құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыру – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына қырықтан алпыс километрге дейінгі шамаға арттыру – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына алпыс және одан көп километрден астам шамаға арттыру – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
5. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.