Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

593-бап. Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
1-2. Жолаушыларды көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс тасымалдау, сол сияқты олардың көлік құралы жүріп келе жатқанда оның терезелері мен люктерінен денесін шығаруына, есікті ашуына жол беру – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.