Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

615-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы – екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он екі сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Көлік құралы жүріп келе жатқанда жолаушының көлік кабинасының (салонының) сыртында болуы – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Ескертпе. Осы бапта жол жүрісіне өзге де қатысушылар деп электр самокаттарды, велосипедтер мен ат-арба көлiгiн басқаратын адамдарды, жол бойымен жүк артылған, мiнiс малын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-615/