Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
616-бап. Механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын бұзу
1. Механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын:
1) техникалық қарап-тексеру операторының қызметiне тексеру жүргiзу кезiнде белгiленген, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiне сәйкес келмейтiн параметрлерді көрсете отырып, техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын беру;
2) алып тасталды - ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3)
алып тасталды - ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4)
алып тасталды - ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5)
алып тасталды - ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6)
алып тасталды - ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) техникалық қарап-тексеру операторының мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткізбей, техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын беруі;
8) міндетті техникалық қарап-тексеруді бақылау-диагностикалық жабдықты пайдаланбай не ақаулы және (немесе) өлшеп тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалана отырып өткізу;
9) техникалық қарап-тексеру операторының міндетті техникалық қарап-тексеру өткізілген күннен бастап алты ай ішінде күнделікті жазба бейнефайлдарының мұрағаттық сақталуын қамтамасыз етпеуі;
10) міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу рәсімін бейне тіркеудің не техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасында көлік құралын фототіркеудің болмауы;
11)
алып тасталды - ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
12) механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне мәліметтерді енгізбеу, сол сияқты анық емес және (немесе) толық емес мәліметтерді енгізу;
13) техникалық қарап-тексеру орталығының өндірістік үй-жайы мен аумағының ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі түрінде жасалған бұзушылық –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару –
техникалық қарап-тексеру
операторының қызметіне арналған рұқсаттан айыра отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Техникалық қарап-тексеру орталығының аумағында механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi көрсету –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Техникалық қарап-тексеру
операторының қызметіне арналған рұқсатты алған кезде көрiнеу анық емес ақпарат беру –
техникалық қарап-тексеру
операторының қызметіне арналған рұқсаттан айыра отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсаттан айыра отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-616/