Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi – лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдағы немесе өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-619-1/