Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Электр самокаттарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беруі – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын немесе өзге құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге алып келген дәл сол әрекет – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.