Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер көрсетілген акт әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн. Рақымшылық жасау актісі қолданылған кезде құқық бұзушының және жәбірленушінің (ол болған кезде) келісімі талап етілмейді.
2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Құрылтайы жекелей анықталмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-63/