Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

64-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату

Об административных правонарушениях · № 235

1. Осы Кодекстiң 73-3, 79 (бірінші бөлігінде), 127-2, 146, 185, 186, 190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 220, 229 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады.
1-1. Егер осы Кодекстің 73 және 73-3-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар жәбірленушілермен, арыз иелерімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірген зиянын жуып-шайса, сот оларды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін. Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 73-бабы бойынша тараптардың татуласуына байланысты бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылықтан босатылған адамдарға қолданылмайды.
2. Татуласу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-64/