Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

641-1-бап. Қазақстан Республикасының жасанды интеллект саласындағы заңнамасын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының жасанды интеллект саласындағы заңнамасын:
1) жасанды интеллект жүйелері меншік иелерінің немесе иегерлерінің пайдаланушыларды жаңылыстыруы мүмкін, жасанды интеллект жүйесі қызметінің синтетикалық нәтижелері туралы оларға хабар берілуін қамтамасыз етпеуі;
2) жасанды интеллект жүйелері меншік иелерінің немесе иегерлерінің адамдардың денсаулығына немесе саламаттылығына теріс әсер етуге, тыйым салынған, жалған ақпарат жасауға немесе таратуға, адам құқықтарын кемсітушілікке немесе бұзуға және өзге де зиян келтіруге алып келген, қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйелері қауіп-қатерлерін басқаруды жүзеге асырмауы түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жасанды интеллект жүйесінің қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-641-1/