Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

642-бап. Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың тiзiмдерiн жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың тiзiмдерiн белгіленген мерзімде жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау – ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне – он, ұйымдардың, оқу орындарының бірінші басшыларына – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.