Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

668-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру, оның астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы өкілінің заңды қызметіне кедергі келтіру

Об административных правонарушениях · № 235

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның заңды қызметін жүзеге асыруына араласу не кедергі келтіру, оның астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы өкілінің заңды қызметін жүзеге асыруға «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген ұйымдар мен мекемелердегі адамдарға кедергісіз баруын және олармен қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етпеуден көрінген кедергі келтіру – лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-668-1/