Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

668-бап. Адвокаттың, заң консультантының заңды қызметiне кедергi келтіру

Об административных правонарушениях · № 235

Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенiң, заң консультанттарының заңды қызметiн жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, олардың кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін материалдарды немесе мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, – лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-668/