Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
690-1-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 413, 413-1, 414, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган атынан атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып табылатын ведомство басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-690-1/