Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

691-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган

Об административных правонарушениях · № 235

1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464, 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580 (шағын көлемді кемеде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 581 (бірінші бөлігінде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464, 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580 (шағын көлемді кемеде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 581 (бірінші бөлігінде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 584 (шағын көлемді кемені пайдаланумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 585, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 616, 618, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 624-1, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 584 (шағын көлемді кемені пайдаланумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 585, 587, 588, 616 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осындай уәкілеттік берілген лауазымды адамдары. Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 164, 166, 167, 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 250, 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бiрiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлiгiнде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 564 (бiрiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлiгiнде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-691/