Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
692-бап. Цифрландыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган
1. Цифрландыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 250, 464, 637, 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) цифрландыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2)
цифрландыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-692/