Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
694-бап. Әдiлет органдары
1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен олардың орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдiлет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандық және қалалық әділет бөлімшелерінің басшылары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-694/