Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
695-бап. Заңды тұлғаларды және азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Заңды тұлғаларды және азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 466 және 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға
заңды тұлғаларды және азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-695/