Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

708-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органдар

Об административных правонарушениях · № 235

1. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 141, 164, 299 (бірінші және екінші бөліктерінде (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 358, 359, 359-1, 360 (екінші және үшінші бөліктерінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары, су шаруашылығы бассейндерінің бас мемлекеттік инспекторлары мен олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік инспекторлары, су шаруашылығы бассейндерінің аға мемлекеттік инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүз жетпіске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүзге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың сегіз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторлары, су шаруашылығы бассейндерінің мемлекеттік инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүз елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алты жүзге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
4) осы Кодекстің 164-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-708/