Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
709-бап. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар
1. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1, 407-2, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1, 407-2, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387, 388, 407-1, 407-2-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388, 407-1, 407-2-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – облыстық атқарушы органдардың орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 143, 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде), 379, 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 387, 388, 407-1, 407-2-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметтерiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-709/