Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 157, 190 (бірінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-715-1/