Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
715-бап. Техникалық реттеу, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 190-1, 193 (бірінші бөлігінде), 415 (бірінші бөлігінде), 415-1, 417, 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419, 464, 638 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-715/