Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
722-1-бап. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ревизиялық комиссиялары
1. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың ревизиялық комиссиялары осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктері), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігі)-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың ревизиялық комиссияларының мемлекеттік аудиторлары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-722-1/