Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
722-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 184, 185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, бағалаушылар жасаған кезде), 207, 207-1, 209, 216, 219, 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде),
233 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 234, 235, 236, 237, 238, 239 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 239-1, 240, 241, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде),
247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші, 7-1, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;
2) аудиторлық қызмет және бағалау қызметі саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-722/