Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

729-бап. Жергілікті атқарушы органдар

Об административных правонарушениях · № 235

1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75, 79, 138 (екінші бөлігінде), 156, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 199, 204, 205, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 309-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 320, 353 (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және кен іздеушілік жөніндегі операциялар бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 405, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 451 (он алтыншы бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде), 456-3 (бірінші бөлігінде), 464, 488-1, 505-баптарында 637 (он төртінші және он бесінші бөліктерінде), 640, 641-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.
2-1. Осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 146, 147, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 204, 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 320, 386, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 505, 633, 634, 637 (он төртінші және он бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
4. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
5. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-729/