Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
730-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган
1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 84, 409 (екінші, үшінші, төртінші, 4-1, 4-2, бесінші, алтыншы, жетінші, 7-1, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-730/