Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
730-1-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Кодекстің 84, 127-3, 129, 135, 135-1, 409 (7-2-бөлігінде) және 668-2-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының басшысы, оның орынбасарлары мен уәкілетті жұмыскерлері құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-730-1/