Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
731-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган
1. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-731-2/