Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
732-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің
444 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 445, 445-1, 455 (1-1-бөлігінде) және 464-баптарында
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-732/