Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
753-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iстi жүргiзу кезiнде жәбірленушінің заңды мүдделерін білдіруге заң бойынша құқығы бар адамдар, сондай-ақ заң консультанты мәртебесі бар адамдар жәбiрленушiнiң өкiлдері бола алады.
1-1. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.
2. Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте процестік құқықтары бiрдей болады.
3. Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған тұлғаның мүдделерiне қарамастан қандай да бiр әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
4. Жәбiрленушiнiң iске жеке қатысуы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-753/