Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

81-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет – жеке тұлғаларға – денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-81/