Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
82-бап. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-82/