Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
813-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу
Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде:
1) аталған iстi қарау өздерiнiң құзыретiне жата ма;
2) аталған iстi лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар бар ма;
3) өтiнiшхаттар, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттар және бас тартулар бар ма;
4) осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға iстің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланған ба деген мәселелердi анықтайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-813/