Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралатын орын

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алыну жері бойынша қаралуы мүмкін.
2. Осы Кодекстiң 333, 334, 571, 572, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624-1, 625, 626, 627, 628, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 378, 379, 382, 383 , 440 және 481-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-812/