Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

815-бап. Лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру

Об административных правонарушениях · № 235

1. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде лауазымды адам өздігінен бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор лауазымды адамға қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдемелер жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
4. Жоғары тұрған лауазымды адам өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-815/