Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

816-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде орган (лауазымды адам) мынадай шешім қабылдайды:
1) iстiң қаралатын уақыты мен орнын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды талап етіп алдыру, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;
3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) егер осы iстi қарау өзінің құзыретiне жатпаса не судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіру туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;
5) осы Кодекстiң 812-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы.»;
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) іс жүргізуде сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.
5. Осы Кодекстiң 744-бабының төртiншi бөлiгiнде, 746-бабының алтыншы бөлiгiнде және 754-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмеуіне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын орган (лауазымды адам) аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-816/